You are here

2017 жылдың 5-7 қыркүйегінде Астана қаласында International Forum of Sovereign Wealth Funds (IFSWF) жылдық мәжілісі өтті.

07 September 2017, 16:01

International Forum of Sovereign Wealth Funds (әрі қарай – IFSWF, Форум) – ынтымақтастықты жақсарту мен мүшелері арасындағы диалогты қолдау мақсатында, сондай-ақ тәуелсіз қорлар қызметінің стандарттарын көтеру мен оны жан-жақты ұғыну үшін, 2009 жылы құрылған тәуелсіз қорлардың жаһандық ұйымы.  IFSWF мүшелеріне Сингапур, Корея, БАӘ, Жаңа Зеландия және Қытай сияқты 31 елдің тәуелсіз қорлары кіреді. Бұл тәуелсіз қорлардың басқаруындағы активтердің жалпы көлемі 3,5 триллион АҚШ долларын құрайды. «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ (әрі қарай – Корпорация) мен «Самрұқ-Қазына» АҚ 2014 жылдан IFSWF мүшелігіне кірген.
IFSWF жыл сайынғы отырыстары қатысушылар арасында білім алмасу мен ынтымақтастықты жақсартудың бірегей мүмкіндігін ұсынады және инвестициялық ортадағы өзекті жаһандық мәселелерді талқылау үшін әлемдік деңгейдегі қаржы көшбасшылары мен Форум мүшелерінің өкілдерін кездестіреді. 2017 жылдың жылдағы мәжілісі «Самрұқ-Қазына» АҚ Корпорациясының қолдауымен 5-7 қыркүйекте Астана қаласында өтті.
Активтерді басқару саласындағы ауқымды байланыстарының арқасында, Корпорация, осы тұлғалардың тәжірибесі мен сараптамасының көмегімен “Жаңа мүмкіндіктерді зерделеу” тақырыбы бойынша, отырысты талқылауды байыту мақсатында, іс-шарада сөз сөйлейтін индустрияның бірнеше маңызды тұлғаларын шақырып, отырысты ұйымдастыруда маңызды үлес қосты.
Форумның мүшелері мен ресми бақылаушыларына арналған, іс-шараның алғашқы екі күні ішінде, төмен табыстылық, әлемдегі тұрлаусыздықтың өсуі және басқа да өзекті тәуекелдер тақырыптарында инвестициялық қызмет үшін жаңа мүмкіндіктерді іздеумен байланысты талқылаулар өткізілді. Үшінші күні іс-шараның талқылауы кең ауқымды аудиторияға ашылды және жекешелендірудің шақыруына, сондай-ақ, түрлі елдердің тәуелсіз қорларының, соның ішінде Қазақстанның лайықты инвестициялық мүмкіндіктеріне шоғырланды.
Сандық экономиканы дамыту және өз елдерінде сандық қызмет көрсету бизнесінің өсуін қамтамасыз етуде тәуелсіз қорлардың ролі туралы панельді талқылауында Корпорация Басқармасының Төрағасы А.М.Баймағамбетов қатысты. Өзекті саяси, реттеуші, экологиялық, және технологиялық тәуекелдер мен олардың түрлі қаржы мекемелерінің инвестициялық қызметіне әсері шеңберінде талқыланған панельді талқылауында Корпорация Басқармасы Төрағасының орынбасары С.Д.Рысбеков қатысты. Сонымен қатар, бұл шара шеңберінде Корпорация ірі тәуелсіз қорлардың бірқатарымен кездесулер өткізді.
Басқарма Төрағасы А.М. Баймағамбетов: «Корпорация жыл сайынғы отырысты ұйымдастыруда IFSWF пен «Самрұқ-Қазына» АҚ -мен бірлесіп қызмет атқарғанына қуанышты. Бұл шарада жоспарланған талқылаулар, түрлі әлемге танымал мекемелер жетекшілерінің пікірі мен сараптамасын алдыға салады және IFSWF мүшелері мен бақылаушыларының нәтижелі диалогына тұғырнама болады. Әлемдік беделді іс-шараны ұйымдастыру ,тәуелсіз инвестициялар индустриясының белсенді қатысушысы ретінде Қазақстанның алдағы дамуына үлкен үлес қосып отыр.-деп атап өтті

показать все новости>>