You are here

«ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ҰЛТТЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КОРПОРАЦИЯСЫ» АҚ «АҚШ-тың орташа капиталдандыру компанияларының акциялары» МАНДАТЫ БОЙЫНША СЫРТҚЫ БАСҚАРУШЫЛАРДЫ ТАҢДАУ ЖӨНІНДЕ ТЕНДЕР ЖАРИЯЛАЙДЫ

02 September 2013, 11:10

Тендер туралы қысқаша ақпарат, тендерге қатысушыларды толтыруға арналған сұраунама, инвестициялық стратегияның жобасы төменде келтірілді:
 

  1. Сыртқы басқарушының жарияланатын мандатының жалпы сипаттамасы:

 
·         S&P Midcap 400 Total Return Index индексі эталондық портфель болып табылады.
·         Мандаттың шамалы көлемі 100-150 млн. АҚШ долларына тең.
 

  1. Әлеуетті сыртқы басқарушыларға қойылатын талаптар:

 
·         Басқарушының акцияларға инвестициялау саласында кемінде 10 (он) жыл жұмыс тәжірибесі.
·         Қарастырылып жатқан мандаты бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі.
·         Басқарушының басқаруындағы клиенттік жиынтық активтердің мөлшері кемінде 3 (үш) миллиард АҚШ долларын құрауы тиіс.
·         Қарастырылып жатқан мандаты бойынша басқарушының басқаруындағы клиенттік жиынтық активтердің мөлшері кемінде 150 (бір жүз елу) миллион АҚШ долларын құрауы тиіс.
 
3.  Осы тендерге  қатысуға  ниет  білдірген  және  жоғарыда  көрсетілген  талаптарға сәйкес келетін компаниялар толтырылған сұраунамаларды ҰИК-ке 2013 жылғы 23 қыркүйекке дейін ұсынуы тиіс. Толтырылған сұраунамаларды электрондық почтамен төменде көрсетілген ҰИК қызметкерлерінің мекенжайына, сондай-ақ почтамен мына мекенжай: Қонаев көшесі, 181-үй, Алматы қ., Қазақстан, 050010 бойынша жіберуге болады.
 

  1. Тендерді өткізуге жауапты ҰИК-тің лауазымды тұлғалары туралы мәлімет:

 
Аюбаев Диас Әлбекұлы – Талдау, тәуекелдер және стратегиялар департаментінің талдаушысы, тел.: 7 (727) 2449413; эл. мекенжайы: dias.a@nic.nationalbank.kz   
 
Кунева Айша Маликқызы – Талдау, тәуекелдер және стратегиялар департаментінің талдаушысы, тел.: 7 (727) 2449495; эл. мекенжайы: kuneva@nic.nationalbank.kz
 
Рысбеков Серікжан Данасұлтанұлы – Талдау, тәуекелдер және стратегиялар департаментінің директоры, тел.: 7 (727) 2449412; эл. мекенжайы: rysbekov@nic.nationalbank.kz
 
көшірмесі:  nic@nic.nationalbank.kz  

показать все новости>>