You are here

«ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ҰЛТТЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КОРПОРАЦИЯСЫ» АҚ (ҰИК) «ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ҚОРЛАРЫНЫҢ ҚОРЫ» МАНДАТЫ БОЙЫНША СЫРТҚЫ БАСҚАРУШЫЛАРДІ ІРІКТЕУ ТЕНДЕРІН ЖАРИЯЛАЙДЫ.

21 July 2016, 10:00

Тендер туралы қысқа ақпарат
________________________________________
Жарияланған тендердің жалпы сипаттамалары төменде берілген:
1. Әлеуеттік сыртқы басқарушыларға арналған қысқа ақпарат: «Жылжымайтын мүлікке инвестиция салатын қорлардың қоры».
• Активтер бірінші және екінші жылжымайтын қорларға, сондай-ақ Солтүстік Америка, Еуропа, Азия және басқа (ТМД елдерінен басқа) аймақтар бойынша бірлескен инвестицияға инвестициялануы мүмкін. Инвестиция салу стратегияларында core, core plus, value added, opportunistic және debt қамтылған.
• Қорлар қоры дискрециялық (сенімгерлік басқару қызметтері) және дискрециялық емес жылжымайтын мүлік саласындағы консультациялық қызметтерін көрсетеді.
• Мандаттың шамалас көлемі 80-160 млн. АҚШ долларына тең.

2. Әлеуетті басқарушыларға қойылатын ең төменгі талаптар:
• Қарастырылып отырған мандат бойынша қорларға инвестиция салу жөніндегі басқарушы ретіндегі жұмыс тәжірибесі кемінде 10 (он) жыл.
• Жылжымайтын мүлік мандаты бойынша басқарушының иелігіндегі активтер мөлшері кемінде 5 (бес) эквивалент миллиард АҚШ долларын құрауы тиіс.


Байланыс ақпараты
________________________________________
Осы тендерге қатысқысы келетін және жоғарыда көрсетілген ең төменгі талаптарға сай келетін басқарушы компаниялар, тендер өткізуге жауапты Корпорация қызметкерлерінен (байланыс ақпараты төменде берілген) тендер және сауалнама (Request for Proposal) бойынша толық ақпарат алу ушін хабарласа алады.
Толтырылған сауалнаманы электрондық пошта арқылы ҰИК қызметкерлерінің мекенжайларына, сондай-ақ пошта арқылы 050010, Қазақстан, Алматы қ., Қонаев көш., 181-үй мекенжайына 2016 жылғы 19 тамызға дейін жіберу керек.

Тендер өткізуге жауапты ҰИК қызметкерлерінің байланыс ақпараты:
Цой Надежда, Жылжымайтын мүліктер мен инфрақұрылымға инвестиция салу басқармасы бастығының орынбасары, тел.: +7 (727) 244 9410, эл. пошта: Tsoy@nicnbk.kz

показать все новости>>