You are here

"Қазақстан Ұлттық Банкінің ұлттық инвестициялық корпорациясы" АҚ жетекшілігі ауысқаны туралы хабарлайды

13 January 2016, 17:38

"Қазақстан Ұлттық Банкінің ұлттық инвестициялық корпорациясы" АҚ (бұдан әрі – ҚҰБ ҰИК) жалғыз Акционерінің 2016 жылдың 8 қаңтарындағы № 38 шешімімен Басқарма Төрағасы Өтемұрат Берік Мұстайұлының өкілеттілігі мерзімнен бұрын тоқтатылды.

2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап Басқарманың өкілеттілік мерзімі аяқталғанға дейін ҚҰБ ҰИК Басқармасының Төрағасы болып Біртанов Есжан Амантайұлы сайланды.

Е.А. Біртановтың Қазақстан Республикасының қаржы нарығында елеулі жұмыс тәжірибесі бар. Осыға дейін Е.А. Біртанов «Қазақстан қор биржасы» АҚ Басқармасының Төрағасы болып қызмет атқарды. Өз еңбек жолын Есжан Біртанов 1998 жылы ҚР Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаментінің бас дилері лауазымынан бастаған. Департамент құрамында бірқатар қызметтерді атқарып, 2005 жылы осы департаменттің директорының орынбасары болып тағайындалып, Ұлттық Банкінің алтын валюталық активтері және, 2012 жылы 85 млрд АҚШ долларын құраған, ҚР Ұлттық қорының активтерінің инвестициялық басқаруына жетекшілік етті.

Есжан Амантайұлының тікелей қатысуымен, 2012 жылы ҚҰБ ҰИК құрылған. ҚР Президентінің келісімімен, Корпорацияның Басқармасының бірінші Төрағасы болып тағайындалып, 2012 жылдың қазан айынан 2014 жылдың наурыз айына дейін еңбек етті. 2014 жылдың сәуір айынан 2015 жылдың маусым айына дейін Е.А. Біртанов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының Кеңесшісі және Жоспарлау және бюджет департаментінің директоры болып қызмет атқарды.

Өз еңбек жолында Е.А. Біртанов «Орталық бағалы қағаздардың депозитарийі» АҚ және «Қазақстан қор биржасы» АҚ Директорлар кеңсінің мүшесі болған.

Анықтамалық ақпарат:

«Қазақстан Ұлттық Банкінің ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ 2012 жылы құрылып, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте, ҚР Ұлттық Банкінің алтынвалюталық активтерін басқару бойынша маманданатын, қаржы ұйымы болып табылады.

Корпорация қызметінің негізгі бағыты активтерді басқарудың тиімділігін және ұзақ мерзімді кезеңде активтердің кірістілігін арттыру болып табылады. Өз мақсаттарына жету үшін ҚҰБ ҰИК алықаралық қаржы нарықтарында дәстүрлі және 10-20 жылға дейінгі альтернативті инвестицияларды жүзеге асырады. www.nicnbk.kz

Қосымша ақпарат алу үшін, +7 727 2449414, tauan@nicnbk.kz, арқылы Мұхамедқали Тауан, Әкімшілік қолдау және сыртқы байланыстар департаментінің Директорына хабарласуыңызды өтінеміз.

показать все новости>>