Вакансия

06.02.2023

 

 

Баламалы инвестициялар департаменті

Позиция: Талдаушы

 

Негізгі талаптар:

 

  • жоғары білім (экономикалық/қаржы/бухгалтерлік есеп және аудит/менеджмент/ақпараттық технологиялар/математикалық/техникалық);
  • кәсіби CFA сертификаттарының болуы (CFA, CAIA, FRM, PRM немесе ұқсас) немесе сертификаттау жолындағы сенімді прогресс (сәтті тапсырылған CFA Level 1 емтиханы деңгейінде) қажет;
  • MS Office (Excel, PowerPoint, Word) құралдарымен сенімді жұмыс дағдылары;
  • жазбаша құжаттарды сауатты әрі дұрыс құра білу артықшылық болып табылады;
  • сандық және сапалық деректердің үлкен көлемімен жұмыс дағдылары;
  • жұмыс өтілі: міндетті емес;

 

Негізгі функционалдық міндеттері:

 

  • Жеке капитал қорларын таңдау бойынша инвестициялық процестерге қатысу:
  • Жаңа қорларды таңдау процесін жүзеге асыру: нарық скринингін жүргізу, қорлардың дерекқорларымен жұмыс, қорлардың басқарушыларымен қоңыраулар мен кездесулер өткізу, инвестициялық дью-дилидженс өткізу, инвестициялық шешімдер қабылдау үшін материалдар дайындау;
  • Инвестициялық қызметті жүргізу шеңберінде басқа бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасау;
  • Департаменттің инвестициялық ұсыныстарын Инвестициялық комитеттің қарауына, сондай-ақ Департаменттің қызметіне қатысты мәселелер бойынша Корпорацияның Басқармасы мен Директорлар кеңесі үшін материалдар дайындау;
  • Инвестициялауға тартымды стратегиялар мен география өңірлері бойынша ұсынымдарды зерделеуге және әзірлеуге қатысу;

 

  • Ішкі құжаттарды жасауға және келісуге қатысу:
  • Заңды құжаттарды дайындау және келісу;
  • Тиісті қызметтерді жеткізушілермен өзара әрекеттесу.

 

  • Ағымдағы инвестициялар портфелінің мониторингі:
  • Қор менеджерлерімен тұрақты қоңыраулар жүргізу;
  • Қор есептілігін талдау және портфельдік компанияларды талдау;
  • Мониторинг бойынша есептер мен презентациялар дайындау;
  • Жеке капитал қорлары бойынша ақпаратпен мәліметтер базасын жүргізу.

 

  • Бизнес-процестерді оңтайландыру:
  • Департаменттің бизнес-процестерін жақсартуға/автоматтандыруға қатысу;
  • Бизнес-процестерді басқа бөлімшелермен үйлестіру.

 

Артқа
Қазақстан, Астана қ.,
Z05T8F6, Мəңгілік Ел даңғылы, 57А
© 2012-2023 NIC NBK.