
Тәуекел менеджмент департаменті
Лауазым: Талдаушы/Менеджер
Қойылатын талаптар:
- жоғары кәсіптік білім (экономикалық, қаржылық, техникалық, математикалық);
- жұмыс өтілі – 2-3 жылдан кем емес;
- CIA, ACCA, CISA, CPA, FRM, CFA және т.б. сияқты халықаралық сертификаттарға ие болған жөн;
- активтерді басқару, портфельді басқару немесе тәуекелдерді басқару тәжірибесі;
- инвестициялық принциптерді, портфельді талдауды, қаржылық модельдеуді білу;
- хедж-қорларға, жеке капитал қорларына, жылжымайтын мүлікке және инфрақұрылымға, жеке компанияларға, жылжымайтын мүлікке және инфрақұрылымға инвестициялау ерекшеліктерін білу;
- Талдаудың және болжаудың сандық әдістерінің практикалық білімін меңгеру.
Негізгі функционалдық міндеттері:
- тәуекелдер деңгейін төмендету жөніндегі іс-шараларға, оның ішінде Корпорацияның басқаруындағы портфельдер бойынша хеджирлеу әдісімен бастамашылық жасау және аталған іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
- макроэкономикалық көрсеткіштердің мониторингін және негізгі қаржы нарықтарындағы оқиғаларға шолуды жүзеге асыру;
- қаржы нарықтарындағы ахуалды дамытудың ықтимал сценарийлеріне талдау жүргізу, жағымсыз оқиғалар туындаған жағдайда іс-шаралар жоспарын дайындауға бастамашылық жасау, сондай-ақ тиісті іс-шаралар жоспарын дайындау процесінде бөлімшелердің іс-қимылдарын үйлестіру.
Түйіндемені "ДРМ" белгісімен мына hr@nicnbk.kz мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз.