
Бухгалтерлік есеп басқармасы
Лауазым: Бас бухгалтер
Қойылатын талаптар:
- жоғары кәсіптік білім
- қаржы-бухгалтерлік жұмыс өтілі, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бес жыл;
- кәсіби бухгалтер сертификатының болуы - міндетті;
- бухгалтерлік есеп туралы заңнама; азаматтық құқық негіздері; қаржы, салық және шаруашылық заңнамасы; бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және есептілікті жасау мәселелері бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттар, ұйымның шаруашылық қаржылық қызметі; бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар және оны жүргізу қағидалары; кәсіби бухгалтердің және корпоративтік басқарудың әдеп кодекстері саласында білімге ие болу.
- салық, статистикалық және басқарушылық есепке алу саласында; бухгалтерлік операцияларды ресімдеу және есепке алу учаскелері бойынша құжат айналымын ұйымдастыру, бухгалтерлік есеп шоттарынан есептен шығару, жетіспеушілік, дебиторлық берешек және басқа да шығындар, ақшалай қаражаттарды, тауарлық-материалдық және басқа да құндылықтарды қабылдау, кіріске алу, сақтау және жұмсау, аудиторлық тексерулер жүргізу тәртібі; қаржылық есептеулердің нысандары мен тәртібі; заңды және жеке тұлғаларға салық салу шарттары; тауарлық-материалдық құндылықтардың ақшалай қаражатына түгендеу жүргізу, дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу, тексерулер мен құжаттамалық тексерулер жүргізу қағидалары; бухгалтерлік баланстар мен есептілікті жасау тәртібі мен мерзімдері туралы білімге ие болу;
Негізгі функционалдық міндеттері:
- Корпорацияның бухгалтерлік есебін және қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыру, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын, оның балансындағы Корпорация мүлкінің сақталуын бақылау;
- Корпорация қызметінің құрылымы мен ерекшеліктерін, оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігін негізге ала отырып, ҚР бухгалтерлік есеп туралы заңнамасына және акционердің есеп саясатының талаптарына сәйкес қалыптастыру;
- шоттардың жұмыс жоспарын, үлгілік нысандар көзделмеген шаруашылық операцияларды ресімдеу үшін қолданылатын бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын дайындау және қабылдау, ішкі бухгалтерлік есептілік құжаттарының нысандарын әзірлеу, сондай-ақ түгендеу жүргізу тәртібін, шаруашылық операциялардың жүргізілуін бақылауды, бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясын және құжат айналымы тәртібін сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
- Корпорацияның салық саясатын қалыптастыру, салықтық жоспарлау және салық салуды оңтайландыру, есеп саясатын жетілдіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- мүлікті, міндеттемелерді және шаруашылық операцияларды, келіп түсетін негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, тауарлық-материалдық құндылықтарды, ақша қаражатын және басқа да қаржы активтерін есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, бухгалтерлік есеп шоттарында олардың қозғалысына байланысты операцияларды, қаржылық, есеп айырысу және кредиттік операцияларды уақтылы көрсету;
- бастапқы және бухгалтерлік құжаттарды, есеп айырысулар мен төлем міндеттемелерін ресімдеу тәртібінің сақталуын, жалақы қорының жұмсалуын, негізгі құралдарға, тауар-материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарына түгендеу жүргізуді, бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастыруды тексеруді, сондай-ақ Корпорация бөлімшелерінде құжаттамалық тексерулерге бақылауды жүзеге асыру;
- қаржылық және кассалық тәртіптің, әкімшілік-шаруашылық және басқа да шығыстардың сметаларының қатаң сақталуын, бухгалтерлік есеп шоттарынан кемшіліктерді, дебиторлық берешекті және басқа да шығындарды есептен шығарудың заңдылығын, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, оларды белгіленген тәртіппен ресімдеуді және мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүргізу;
- қаржылық жағдай туралы есепті, пайда мен залал туралы есепті, басқа да бухгалтерлік және статистикалық есептілікті жасау процестерін қамтамасыз ету, оларды белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдарға және акционерге ұсыну