Іріктеу рәсімінің қысқаша сипаттамасы
Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы «Ашық инвестициялық серіктестік» (АИС) бағдарламасы шеңберінде венчурлік капиталға инвестициялау мандаты бойынша басқарушыны ресми іріктеу процесінің басталғаны туралы хабарлайды.
Инвестициялық мандат Орталық Азия мен Кавказ өңіріндегі венчурлік капитал инвестицияларына бағытталғын, оның ішінде жалпы көлемінің 70%-ына дейінгі бөлігін Қазақстанға бөлу көзделген. Таңдалған басқарушы өзіне берілген мандат шеңберінде портфельді басқаруға жауапты болады.
Мандат көлемі
Венчурлік капитал (Venture Capital): 50 млн АҚШ долларына дейін
Іріктеу үрдісі АИС бағдарламасының венчурлік капиталға инвестициялау мандатының стратегиялық мақсаттарына сәйкес келетін және осы салада мол тәжірибесі бар инвестициялық басқарушыларды анықтауға бағытталған.
Іріктеуге қатысу үшін өтініш берушілер төмендегі ең төменгі талаптарға сай болуы тиіс:
Біліктілік талаптарына сай келетін және іріктеу процесіне қатысуға ниет білдірген инвестициялық компаниялар ұсыныстар сұрату құжатын (RFP) және іріктеу рәсімі туралы ақпаратты алу үшін төменде көрсетілген деректер бойынша хабарласа алады.
Толтырылған RFP жауаптары 2026 жылғы 17 тамыздан кешіктірілмей төменде көрсетілген электрондық пошта мекенжайларына жіберілуі тиіс.
Байланыс деректері:
Ұлттық инвестициялық корпорация
Жеке капитал және Ашық инвестициялық серіктестік тобы
Тел: +7(7172) 55 71 00 (ішкі 121)
Email: pe@nicnbk.kz
alibayev@nicnbk.kz