Вакансия: Қазынашылықтың аға сарапшысы

17.08.2026

 

Қазынашылық

 

Аға сарапшысы

 

Негізгі функционалдық міндеттері:

 

  • өтімділікті және ақша қаражатын басқару;
  • халықаралық және ішкі қаржы нарықтарында қаржы құралдарымен операциялар жүргізу;
  • облигациялар мен акциялар портфельдерін басқару;
  • цифрлық активтермен операциялар жүргізу және мемлекеттік крипторезервті басқаруға қатысу;
  • портфельдердің кірістілігі мен тәуекелдеріне мониторинг жүргізу;
  • бос ақша қаражатын инвестициялау жөнінде ұсыныстар дайындау;
  • макроэкономикалық және нарықтық талдау жүргізу;
  • инвестициялық идеяларды, сондай-ақ портфельдерді қайта теңгерімдеу және хеджирлеу жөнінде ұсыныстар дайындау;
  • халықаралық банктермен, брокерлермен және кастодиандармен жұмыс жүргізу;
  • Bloomberg, Reuters, SimCorp және KASE жүйелерін пайдалана отырып, инвестициялық және сауда процестерін дамыту және автоматтандыру.

 

Талаптар:

 

  • экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит, математика немесе техникалық ғылымдар саласындағы жоғары кәсіптік білім;
  • портфельдік басқару және/немесе дәстүрлі қаржы құралдарына инвестициялау саласында кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі;
  • қаржы нарықтарының жұмыс істеу қағидаттарын терең түсіну және сауда операцияларын, соның ішінде цифрлық активтермен операцияларды жүргізу тәжірибесі;
  • Bloomberg және басқа да кәсіби ақпараттық және сауда жүйелерін сенімді меңгеру;
  • CFA немесе осыған ұқсас кәсіби сертификаттың болуы артықшылық болып саналады.

 

Тілдерді білу:

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білу қажет.

 

Жұмыс сипаты:

Тұрақты.

 

Жұмыс жағдайлары:

Корпорацияның талаптарына сәйкес.

 

Жұмыс орны:

Астана қаласы, іссапарлар болуы мүмкін.

 

Сынақ мерзімі:

3 ай.

 

Іріктеу көзі:

Сыртқы.

 

Түйіндемені хат тақырыбында «Қазынашылықтың аға сарапшысы» деп көрсетіп, hr@nicnbk.kz электрондық поштасына жіберуіңізді сұраймыз.

Артқа
Қазақстан, Астана қ.,
Z05T8F6, Мəңгілік Ел даңғылы, 57А
© 2012-2026 NIC NBK.