Вакансия: тәуекел-менеджмент департаментінің аға сарапшысы

04.03.2026

 

Тәуекел менеджмент департаменті

 

 

Аға сарапшының міндетін атқарушы

(бос позиция)

 

Негізгі функционалдық міндеттері:

Корпорацияның инвестициялық процестеріне қатысу:

  • Корпорация басқаруындағы портфельдер бойынша тәуекел деңгейін төмендету іс-шараларын, оның ішінде хеджирлеу әдістері арқылы төмендету іс-шараларды бастамалау және аталған іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

  • Қолданыстағы инвестициялық лимиттердің сақталуына мониторинг және бақылау жүргізу;

  • Корпорацияның Директорлар кеңесі мен Инвестициялық комитетіне инвестициялық тәуекелдер бойынша есепті дайындауға қатысу;

  • Сұраныс бойынша инвестициялық шешімдерді қабылдау жөніндегі ұсынымдарға тәуекелдер бойынша қорытындылар дайындау;

  • Тәуекелдер бойынша қорытынды дайындау кезінде басқарушылардың қызметіне келесі талдауды жүзеге асыру:

  • Жеке капитал, жеке қарыз, жылжымайтын мүлік және инфрақұрылым қорларын басқаратын басқарушылардың алдыңғы қорларының ақша ағындарына сандық талдау жүргізу, сондай-ақ хедж-қорларды басқаратын басқарушылардың алдыңғы қорларының тарихи табыстылығына сандық талдау жүргізу;

  • Қарастырылып отырған инвестициялардың суб-портфельдің тәуекел көрсеткіштеріне әсерін талдау;

  • Қарастырылып отырған инвестициялардың бекітілген инвестициялық шектеулерге сәйкестігін талдау;

  • Инвестициялық тәуекелдердіне мониторинг және бағалау жүргізу үшін тиісті құрылымдық бөлімшелерден ақпарат жинау;

  • Макроэкономикалық көрсеткіштерге мониторинг жүргізу және негізгі қаржы нарықтарындағы оқиғаларға шолу жасау;

  • Қаржы нарықтарындағы жағдайдың ықтимал даму сценарийлеріне талдау жүргізу, жағымсыз оқиғалар туындаған жағдайда іс-шаралар жоспарын әзірлеуді бастамалау, сондай-ақ тиісті жоспарды дайындау процесінде бөлімшелердің іс-қимылдарын үйлестіру;

  • Сатып алынатын тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйелеріне сараптама жүргізу;

  • Қажеттілігіне қарай Корпорацияда құрылатын комитеттердің (комиссиялардың) және жұмыс топтарының қызметіне қатысу;

  • Корпорация басқаруындағы активтерді бөлу бойынша ұсынымдар қалыптастыру және қажет болған жағдайда оларды қайта қарастыру;

  • Операциялық тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыру бойынша ішкі және өзге де құжаттарды әзірлеуді қоса алғанда, қорғаныс механизмдерді, іс-шараларды, әдістерді, құралдарды қалыптастыру, сондай-ақ тәуелсіз бағалау шеңберінде бизнес-процестердің операциялық тәуекелдеріне мониторинг және бақылау жүргізу;

  • Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Корпорацияның ішкі құжаттарын дайындауға қатысу;

  • Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша Корпорацияның ішкі құжаттарына және басшылық шешімдеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Ішкі құжаттарды әзірлеу және келісу процесіне қатысу:

  • Заңдық құжаттарды дайындау және келісу;

  • Корпорацияның серіктестерімен, консультанттарымен және қызмет көрсетушілерімен өзара әрекеттесу.

Бизнес-процестерді оңтайландыру:

  • Басқарманың бизнес-процестерін жетілдіруге/автоматтандыруға қатысу;

  • Бизнес-процестерді басқа құрылымдық бөлімшелермен келісу.

 

Талаптар:

Білім:

Жоғары кәсіптік білім (экономикалық/қаржылық және аудит/математикалық).

 

Еңбек өтілі:

Аға сарапшының міндетін атқарушы лауазымына – лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде үш жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

 

Арнайы білім мен дағдылар:

  • Өз ойларын жазбаша және ауызша сауатты жеткізе білу;

  • MS Office (Excel, PowerPoint, Word) құралдарымен жұмыстың ілгері деңгейі;

  • Кәсіби CFA, CAIA, FRM, PRM немесе теңдес сертификаттардың болғаны немесе оларды алу процесінде болуы құпталады;

  • Сандық деректерді де, заңды құжаттарды да қоса алғанда, ауқымды көлемді ақпаратпен жұмыс істеу тәжірибесінің болғаны құпталады;

  • Терең инвестициялық талдау жүргізу және талдамалық мақалалар жазу тәжірибесінің болғаны құпталады.

 

Жеке қасиеттері:

Жауапкершілік, адалдық, мұқияттылық, бастамашылық, орындаушылық және қарым-қатынасқа ашықтық.

 

Шет тілдерін білу:

Ағылшын тілінде еркін сөйлеу.

 

Жұмыс сипаты (тұрақты, уақытша):

Тұрақты

 

Жұмыс орны (тұрақты жұмыс орны, іссапар мүмкіндігі):

Іссапарлар болуы мүмкін

 

Сынақ мерзімі:

3 ай

 

Таңдау көзі (ішкі немесе сыртқы):

Ішкі және сыртқы

 

 

 

Түйіндемені «Аға сарапшының м.а. ТМД» белгісімен келесі мекенжайға жіберуді сұраймыз: hr@nicnbk.kz

 

Артқа
Қазақстан, Астана қ.,
Z05T8F6, Мəңгілік Ел даңғылы, 57А
© 2012-2026 NIC NBK.