Вакансия: ІІІ – Баламалы инвестициялар департаментінің сарапшысы

30.04.2026

 

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ӨТІНІШ

III-Баламалы инвестициялар департаменті

 

Сарапшы

 

Негізгі функционалдық міндеттері:

 

Жылжымайтын мүлік және инфрақұрылым қорларын таңдау жөніндегі инвестициялық процестерге қатысу:

  • Жаңа қорларды таңдау процесін жүзеге асыру: нарықта скрининг жүргізу, қорлардың деректер базасымен жұмыс, қорларға қоңырау соғу және кездесулер өткізу, инвестициялық дью-дилидженс өткізу, инвестициялық шешімдер қабылдауға арналған материалдар дайындау;
  • Инвестициялық қызметті жүргізу шеңберінде басқа бөлімшелермен өзара әрекеттестік жасау;
  • Корпорацияның басқармасы мен Директорлар кеңесіне арналған Департаменттің инвестициялық ұсыныстарын инвестициялық комитеттің қарауына, сонымен қатар, Департаменттің қызметіне қатысты мәселелер бойынша  материалдар дайындау;
  • Әлемдік жылжымайтын мүлік және инфрақұрылым нарықтарын зерттеу және инвестициялық тартымды стратегиялар, аймақтар мен салалар бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
  • Қазіргі басқарушылармен қарым-қатынасты сақтауға және жаңа басқарушылармен және нарық қатысушыларымен қарым-қатынас орнатуға қатысу.

 

Ішкі құжаттарды жасауға және келісуге қатысу:

  • Заңдық құжаттарды дайындау және келісу;
  • Корпорацияның серіктестерімен, кеңесшілерімен және қызмет көрсетушілерімен өзара әрекеттестік.

 

Ағымдағы инвестициялар портфелінің мониторингі:

  • Басқарушыларға тұрақты түрде қоңырау шалу;
  • Қордың есептілігін талдау және портфельдік компанияларды талдау;
  • Мониторинг бойынша есептер мен презентациялар дайындау;
  • Жылжымайтын мүлік және инфрақұрылым қорлары бойынша ақпаратпен мәліметтер базасын жүргізу.

 

Бизнес-процестерді оңтайландыру:

  • Департаменттің бизнес-процестерін жақсартуға/автоматтандыруға қатысу;
  • Басқа бөлімшелермен бизнес-процестерді үйлестіру.

 

Талаптар:

 

Білім:

жоғары кәсіптік білім (экономикалық/қаржылық/бухгалтерлік есеп және аудит/математикалық/техникалық ғылымдар).

 

Еңбек өтілі:

активтерді басқару, портфельді басқару, консалтинг, бағалау, аудит немесе Инвестициялық банкинг саласындағы мамандығы бойынша бір жылдан кем емес, және/немесе шетелдік жоғары оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын аяқтаған.

 

Арнайы білім мен дағдылар:

  • Кәсіби CFA, CAIA, FRM, PRM немесе теңдес сертификаттардың болуы немесе сертификаттау деректерін алу барысы қажет;
  • Өз ойларын жазбаша және ауызша сауатты жеткізе білу;
  • Сандық деректерді де, заңды құжаттарды да қоса алғанда, ауқымлы көлемді ақпаратпен жұмыс тәжірибесі;
  • MS Office (Excel, PowerPoint, Word) құралдарымен жұмыстың озық дағдылары;
  • Терең инвестициялық талдау жүргізуде және талдамалық мақалалар жазуда тәжірибесі болғаны құпталады;
  • Қаржылық басқару принциптерін, корпоративтік қаржыны, қаржылық жоспарлауды және қаржылық модельдеуді білу;
  • Жылжымайтын мүлік және инфрақұрылымдық қорлар арқылы инвестицияларды тартудың ерекшеліктерін білу;
  • Портфельдік инвестициялардың құнын бағалау және қаржылық инвестициялардың тиімділігін анықтау мүмкіндігі;
  • Жылжымайтын мүлік қорларының, инфрақұрылымдық қорлардың, өзара қорлардың және басқалардың ерекшеліктері мен жұмыс істеу принциптерін білу;
  • Қаржылық есептілік және бухгалтерлік есеп принциптерін білу (Халықаралық қаржылық есептілік стандарты).

 

Жеке қасиеттері:

жауапкершілік, адалдық, мұқияттылық, бастамашылық, орындаушылық және қарым-қатынасқа ашықтық.

 

Шет тілдерін білу:

ағылшын тілін еркін меңгеру.

 

Жұмыс сипаты (тұрақты, уақытша):

Тұрақты

 

Жұмыс шарттары (жұмыс уақытының режимі):

Корпорацияның талаптарына сәйкес

 

Жұмыс орны (тұрақты жұмыс орны, іссапар мүмкіндігі):

Іссапарлар болуы мүмкін

 

Сынақ мерзімі:

3 ай

 

Таңдау көзі (ішкі немесе сыртқы):

Сыртқы

 

Түйіндемені «Сарапшы ДАИ-III» белгісіменмкелесі мекенжайға жіберуді сұраймыз: hr@nicnbk.kz

Артқа
Қазақстан, Астана қ.,
Z05T8F6, Мəңгілік Ел даңғылы, 57А
© 2012-2026 NIC NBK.